A place where you need to follow for what happening in world cup

Жапыға бірдей декларация

247

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаевтің бастауымен департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Ескеев пен департамент қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесі тергеу изоляторы бастығы, әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев департаментте өткен жалпыға бірдей декларациялау мәселесіне қатысты жиналыска бейнебайланыс арқылы қатысты.

Отырыс барысында Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ғазиз Рахымбердиев жалпыға бірдей декларацияның мақсаты жайында сөз қозғады.

– Қазақстанда өткен жылдан бастап азаматтардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу басталды. Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді, – деді маман өз сөзінде.

Ғазиз Қапанұлының айтуынша, бұл заңсыз табыстарды анықтаумен қатар, азаматтардың салық төлеуші ретінде мәдениетін қалыптастырады, яғни салықтық міндеттемесін орындауға деген өзіне талабы жоғарылайтын болады деп күтілуде.

Салық кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңде өтеді деп көзделген. Үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады. Бұл кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары қамтылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап төртінші кезеңде халықтың қалған санаттары жалпыға бірдей декларациялауға толық көшеді.
КСБ бастығы әділет капитаны А. Ерубаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.