A place where you need to follow for what happening in world cup

Профилактикалық-медициналық тексеру

250

Жамбыл облысы бойынша наурыз айының 1-жұлдызында ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде профилактикалық-медициналық қарап тексеру шаралары жүргізілді.

Мекеме бастығы әділет полковнигі Б.А. Сауранбаевтың бастамасымен өткен бұл шара, жалпы түзеу мекемесінде отырған сотталған мен тергеудегі азаматтардың деңсаулығы мен оны түзету жолдарын бақылау, қарап тексеру және ақыл-кеңестер беруге бағытталған. Медицина саласының түрлі мамандары, атап айтқанда: терапевт, хирург, уролог, неврапотолог, лор, көз дәрігері, тіс дәрігері, дерматолог және тағы да басқа мамандар түзеу мекемесіндегі сотталғандар мен тергеудегілермен сұхбат жүргізіп, деңсаулықтарына байланысты қажетті нұсқаулар мен ұсынымдар берді.

Оның ішінде «Қаңтар оқиғасы» яғни жаппай көтеріліске қатысы бар күдікті айыпталушыларға, әркез қарқынды түрде медициналық қарап тексеру жұмыстары жүргізілуде және олардың жалпы жай-күйі мен денсаулығына мекемеде аса назар аударылуда. Түзеу мекемесіндегі отырған азаматтарға мұндай шаралар оң нәтижесін беріп, одан әрі өз жалғасын табуда.
Мекемедегі тергеудегі және сотталған азаматтар медицина саласының мамандары жүргізген бұл шараға өз оң-көзқарастарын танытып, алғыстарын білдіруде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.