A place where you need to follow for what happening in world cup

Жапония үкіметі отставкаға кетті

69

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo News+ басылымына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жапонияда үкіметтегі ауыс-түйіс кезінде отставкаға кету туралы арыз беру дәстүрге айналған. Отставкаға кеткеніне қарамастан, үкімет мүшелері жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін өз міндетін атқара береді. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы жақын арада жарияланады.

Бұған дейін Жапония премьер-министрі Фумио Кисида ел үкіметі мен жетекші партияда кадрлық өзгерістер дайындалып жатқанын айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.