A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық жайдарманшылардың жаңа жобасы жарық көрді

313

Жамбыл облысында алғаш рет YouTube желісінде тараздық жайдарманшылардың бастауымен жаңа жоба жарық көрді.
“Stories show” аталатын бұл жобаны «Medium» жайдарман құрамасының жігіттері жүргізуде. Жобаның бірінші шығарылымының қонақтары «Тараз-2000» командасының мүшесі, танымал блогер Файзулла Сағымбаев пен «Бауырсақтар» командасының белді мүшесі, қазіргі «Bauirsak sketch” жобасының резиденті Біржан Чопбаев болды.

Жоба өте қызықты тапсырмалар мен ережелерден құралып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлайды. “Stories show” жобасының бірінші шығарылымы YouTube желісінде жарияланып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленуде. Ал жайдарманшы жастар жобаның екінші бөліміне дайындықты бастап кетті.
Алайда, жаңа жоба болғандықтан барынша қолдау мен белсенділікті талап етеді. Тараздық жастардың бұл бастамасына сәттілік тілеп, келесі шығарылымды асыға күтетінімізді айтқымыз келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.