A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда жемқорлық фактілерін комплаенс офицерлері бақылайды

235

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті комплаенс офицерлерімен «ZOOM» платформасы арқылы конференция өткізді.
2020 жылдың соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуына жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді.
Бұл ереже міндетті түрде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін және кәсіпкерлікті жеке таңдауы бойынша қолданылады. Осылайша, Жамбыл облысының квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапты комплаенс офицерлер жұмыс істей бастады.

Сондай-ақ, конференция барысында «ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы», «ISO 37001 енгізуді жоспарлау», «комплаенс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін енгізудің тиімділігі және негізгі ұсынымдар жүйесі» тақырыптары бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.