A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда республикалық “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

466

Еліміздің ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, 15-25 наурыз күндері республика көлемінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтармен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің қызметкерлері қалалық полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеруде. Айта кетейік, профилактикалық шараның алғашқы үшкүндігінде 60 сотталған азамат тексеріліп, 4 материал Тараз қалалық №2 сотына жолданды.

Асхат Дүйсенбеков,
Тараз қаласының №2 ПҚ-нің инспекторы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.