A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда «Есепте тұрған» республикалық профилактикалық шарасы басталды

532

Ағымдағы жылдың 4-желтоқсанынан бастап облыс аумағында «Есепте тұрған» профилактикалық іс-шарасы өтуде. 14 желтоқсанға дейін жалғасатын шараны өңірлік ҚАЖ департаментінің пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесіп атқарады.

Шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу.

Аталған іс-шара аясында пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандардың мекен-жайларына тексеру жүргізіп, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстарын атқаратын болады.

Әлихан Хасенов,
Тараз қалалық №2 Пробация қызметі бастығының орынбасары
әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.