A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді

191

Жамбыл облысының көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларында 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп — 1210 тонна, пияз – 5459 тонна, сәбіз – 7 363 тонна, сүт өнімдері – 675 тонна, қырыққабат – 67 тонна.
Сондай-ақ, бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар.
Бұдан басқа, облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталынған.
Қолда бар азық-түлік қоры облыс халқының қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады. Бұл ретте, күн сайын базарлар мен қоймаларға бірінші қажеттілік өнімдерінің қосымша көлемі түсуде.
Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Тауарлардың құнын негізсіз өсіру фактілері тіркелмеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты баға көтерудің қандай да бір фактілері туралы 45-21-24 телефоны бойынша (жұмыс уақытында) хабарласуларыңызды сұраймыз.
Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің азық-түлік нарығындағы ахуал тұрақты. Облыс аумағындағы сауда орындарында толассыз кезекте тұру жағдайлары тіркелмеген. Тұрғындарды босқа дүрлікпеуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.