A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері жарияланды

155

Жамбыл облысы  Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facbook-тегі парақшасында өңірдегі барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялады.

Сондай-ақ, Департамент бастығы тұрғындарды кезкелген заңбұзушылыққа немқұрайлы қарамай, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметімен бірлесе атсалысып, азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларының маңызызор. Осығанорай, Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғынбаевпен 2020 жылучаскелік полиция инспекторларының жылы болып жарияланды.

Біз бүгін Тараз қаласындағы барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялайтын боламыз.

Сіздер тәуліктің кез-келгенуақытында учаскелік инспекторларға мәселелербойынша хабарласып, жедел әрі тиімді көмектің көрсетілуіне сенім білдірулеріңізге болады.

Соны менқатар, кейбір бес мыңнан астам адам тұратын учаскелік аумақтарда инспектордың әр бір тұрғынмен жеке танысуға мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан, Сіздерге аумағыңызға бекітілген учаскелік инспекторға өздеріңіз хабарласып, өзара байланыс орнатуларыңызды сұраймын. Бұл өз кезегінде, полиция қызметкеріне қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты күтпеген жағдайлардың алдыналуға және мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік береді.

Сіздің хабарламаңыз назарға алынбаған жағдайда, фейсбук парақшам арқылы маған жеке жүгінуіңізге құқығыңыз бар. Кінәлі учаскелік полиция инспекторына қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады» – деді Арман Оразалиев өз хабарламасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.