A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жайлау күні» Таласта тойланды

571

2020 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Наурыз мерекесін атап өтудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Жаңа үлгі бойынша Наурызға 9 күн арналады. Оның 6 күні дайындық күндері де, 3 күн ресми мереке. Атаулы күндер Әулиеата жерінде жалғасып жатыр.

Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатындағы«Рухани керуен» Тараз қаласынан аттанып батырлардың мекені Байзақ ауданына ат басын тіреген болатын. Бауырмал  Байзақ халқы «Көрісу күнін» ақ бата, әсем әннен  шашу шашып қарсы алып, келесі керуен Талас ауданына бетке алып жолға шыққан еді.

Қонақтар құрамында «Рухани жаңғыру» облыстық фронт-офисінің басшысы Ринат Нұрақбаев, «Шерхантану» руханият орталығының директоры Сауран Қалиев және Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Дәуір бастап келді.

«Жайлау күні» аясында жолға шыққан керуенді таластықтар әсем әнмен қарсы алып, мерекелік лебіздерін білдірді. Бұдан соң Балалар өнер мектебіне бас сұққан қонақтар ұлттық саз аспаптары ансамблінің өнері мен көне жәдігерлер мен талантты оқушылардың сурет көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, байзақтық қолынан өнер тамған шеберлер жұмыс тәжібиелерімен бөлісті. Ал, балалар өнер мектебінің залында өткен концертте таластықтар мен қатар Байзақ ауданының әншілері де сахнаға шығып, көпшілікке мерекелік көңіл сыйлады.

Шара барысында Дәулет Рысбайұлы делегация құрамын жеке таныстырса, Сауран Қалиев, Ринат Нұрақбаев аудан жұртшылығын алдағы наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнан соң қонақтар жақында ашылған «Д.Қонаев» мұражайын аралып, «Жастар» саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.

Келесі керуен Жуалы ауданына жол тартады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.