A place where you need to follow for what happening in world cup

«Рухани керуен» Байзақ ауданына жетті

189

Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен Тараз қаласынан жолға шыққан Рухани керуен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатында Байзақ ауданы Түймекент ауылына келіп тоқтады.

Байзақтықтар өздерінің қонақжайлықтарын көрсетіп ән шашу арнап, би билеп, келіндер иіліп сәлем салып қарсы алды. Керуен қонақтары Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа бас иіп тағзым жасады. Одан кейін Түймекент ауылдық саз мектебінің бастауымен өнерлері көрсетілді.

 

Керуен құрамындағы батагөй қария, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сауранбек Жамалбеков, ел анасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Кульжамила Жолдасова, ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиева, керуен басы, «Руханият және тарихтану орталығының» директоры Сауран Қалиев, Қол өнер шебері, жеке кәсіпкер «киіз үй брэнд» төрайымы Гульнара Абдуллаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті Керимбаева Рысты Қалдыханқызы, «Әулие – Ата» көкпардан кәсіпқой клубының жаттықтырушысы Мухамедали Құралов, Дарынды жас, магистр Көркемжан Қанат, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Ерлан Ибадильдаев, Жалғас Аруанов, Айгүл Есекеева, Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің статисті, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Медет Нұрділлаұлы өз салалары бойынша өнер көрсетсе, «Анаға тағзым» орталығының директоры, қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мырзағали «Ұлтттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында Жас аналарға мен келіндерге арнап тренинг жүргізді.

Қазақ салт – дәстүрге бай халық. Тойды да, мейрамды да салт – дәстүрімен қарсы алған. Қазақтың жаңа жылында осындай өзіміздің ұлттық дәстүрді жалғастырумен байзақтықтар Шекемтас ойыны, тоғызқұмалақ, ләңгі, күрес ойындарын насихаттады. «Қыз – Жібек» қыздар клубының ұйымдастырумен көрме тамашаланды. Осылайша мейрам «Әжелер» ансамблінің ән шашуымен жалғасын тапты.
Керуен қонақтарын киіз үй тігіліп Ғазиз Байтасов шаңырағында дастархан жайылды. Керуен өкілдеріне қазақтың дәстүрлі ән – би өнері, ұлттық тағамдары таныстырылды. Ұлттық тағамдар майсөк, жент, құрт, шұбат ұсынылды.Қазақтың ұмытылып бара жатқан тұрмыс – тіршілігін насихаттау барысында қол диірменінен жүгері талқан жасау, күбімен айран пісіп, жүн түту сынды дәстүрлерін көрсетті.
Ендігі кезек Байзақтықтардың Талас ауданына керуенімен жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.