A place where you need to follow for what happening in world cup

Жұмыс комиссиясы мектеп директорын қызметінен босатты

391

Комиссия жұмысының алдын ала қорытындылары жарияланды

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Тараз қалалық білім бөліміне қарасты № 43 орта мектеп мұғалімінің өтінішіне байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс комиссиясы құрылған болатын.  Комиссия құрамына білім басқармасының, салалық кәсіподақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері енген-ді.

Жарияланған бейнероликте айтылған барлық фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Онда келтірілген фактілер расталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімімен  К.Бөрімбекова №43 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметіне қайта қабылданды.

Ал, Тараз қаласындағы № 43 мектеп директоры Э. Өмірбекова уақытша қызметінен босатылды.

Қазіргі кезде бұл мәселені облыстық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің,  облыстық білім басқармасының, Тараз қаласы әкімдігінің және «Nur Otan»  партиясы өкілдерінің қатысумен аталған мәселе жан-жақты зерделенуде.

Тексеру іс-шаралары толық аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты шешім қабылданатын болады.

Бүгінгі таңда мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп,  оқушылар сабаққа қатысуда. Барлық сабақтар кестеге сәйкес өтуде.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.