A place where you need to follow for what happening in world cup

Заң үстемдік құрса, әділетсіздік те жойылады

2 537

Кешегі Қаңтар оқиғасы ғана емес, бұған дейін де әртүрлі салада әділетсіздіктер орын алып келген. Сипаты әр басқа болғанымен, бәрінің түпкі себебі бір болатын. Ол – азаматтардың құқығын қорғайтын заңның солқылдақтығы немесе сол саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Сондықтан, жұрт Мемлекет басшысы атап өткендей, заң үстемдік құратын кезеңді күтеді.

Жалпы, қоғамдағы алаңдатқан мәселелер қандай сапада, қалай шешіліп жатқаны жария болмағаны – халықтың ашу-ызасын туғызады. Қоғам осы сұрақтарға толық жауап алуы керек. Кейбір кезде мемлекеттік органдар өз қызметін, қабылдаған шешімдерін, кейбір әрекеттерін түсіндіруге тырыспайды. Наразылықтың туындайтыны осындайдан. Сондықтан мемлекеттік аппараташық болуы керек. Қоғам мен билік қатар бір-бірімен тығыз байланыста болғаны жөн. Арақатынас алшақтаса, сенім де азаяды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету екенін баса айтты. Біздің қоғамда заңды мойындағысы келмейтін азаматтар бар екені рас. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Басқаша айтсақ, құқықтық нигилизм белең алуда. Ағаларымыз «Тәртіпсіз ел болмайды» депбаяғыдаайтқанболатын. Менің ұстанымым: қоғамда заң мен тәртіпболсағана, ел ішіндеүйлесім, бейбітөмірболады», — деп атап өтті.

 Заң –өркениетті қоғамның басты өлшеміне айналуы тиіс. Сонда ғана әділдік орнайды. Президенттің заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасатынын бекер еске салған жоқ.

Ерман Спандияров
Дулати университетінің профессоры

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.