A place where you need to follow for what happening in world cup

Украинаның соғысты жеңгенін көрсетер екі себеп

140

Ресейдің Украинадағы арнайы «әскери операциясы» әлі жалғасуда. Соңғы деректерге қарағанда, Украина әскері қорғаныстан шабуылға шығып, басқыншы әскерін шегіндіре бастаған сыңайлы. Украин азаматтарына бұл соғысты жеңіп шығатынына сенімі артты.

Алайда украин сарапшылардың айтуынша, қуануға әлі ерте, басқыншы әскерінің алғашқы алапат қарқынына абыроймен төтеп бергенімізбен жаралы арыстанның әлі де қауіпті екенін, соғыстың сценарийі кез келген уақытта өзгеріп шыға келуі мүмкін екенін айтып жатыр.

Десе де, украин кәсіпкері, бизнес мектептің негізін қалаушы Валерий Пекардің айтуынша, «украина халқы қазірдің өзінде жеңімпаз деп тануға екі үлкен басты себеп бар» дейді.

«Бірінші, украиндар өздерін орыстардан кембіз, олар бізден артық деп комплекс ұстап келді. 350 жыл бойы құлдық санамен өмір сүрдік. Өзгеден кемсініп тұратын едік. Енді міне, айналдырған бір айдың ішінде біз бұл санадан азат боп шыға келдік. Украина азат, еркін, санасы сергек ұлтқа айналды. Екіншіден, «орыс әлеміне» қарсы нағыз иммунитет қалыптасты. Ұлттық сана-сезім артып, орыс әлемін мойындамау, оны кембағал деп тану, оны жеккөру басымдық алды. Енді орыс әлемінен қорықпайтын ұлтқа айналдық. Өзіміздің де ұлы ұлт екенімізді ұқтық. Ал орыс империясының абыройын тас-талқан едік», — деп пікір білдіреді Пекар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.