A place where you need to follow for what happening in world cup

Мырзахметовтің жобасы – елімізде жоқ жоба

1 367

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында баяндама жасаған Премьер-Министр Асқар Мамин агроөнеркәсіптік кешенде басты назар ауылшаруашылығы тауарларын тереңдетіп өңдеуді дамытуға аударылатынын айтты.

Өз сөзінде бұл жұмыстар ағымдағы жыл ішінде саланың даму қарқынын 6 пайызға өсіруге, өнім импортын 6 пайызға қысқартуға және жаңадан 40 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

– Мәселен, халқының 60 пайызы ауылдық жерде тұратын Жамбыл облысында қосалқы шаруашылықтарды дамытуға арналған кешенді шаралар қолға алынуда. Нәтижесінде, аталған жоба аясында алдағы 2 жыл ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін шығару деңгейі 34 пайызға, кәсіпорындардың жүктемесі 30 пайызға өсіп, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады, – деді А. Мамин өз сөзінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.