A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоқаевтың жиені тағы бір қызметінен айырылды

201

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жалғыз акционері Қаныш Ізбастинді директорлар кеңесінен шығарып тастады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Шешім 2022 жылдың 26 қаңтарында шыққан.

«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Джуанышбаева А. К., Мурзагалиева А. Е.,  Мадиев С. Н., Оразбаев Р. С., Прашев А. Г.», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен еді. 

Айта кетейік, «ҚазАгроҚаржы» «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқармасының еншілес компаниясы болып табылады. «Бәйтеректің» жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.