A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздықтар тегін медициналық кеңес алды

414

Тараз қаласындағы «Mart» сауда орталығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің еріктілері қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

Волонтерлар жылына орай ұйымдастырылған акция барысында болашақ «ақ халаттылар» қала тұрғындарының артериалды қан қысымын, дене салмағын, бойын өлшеп, кеңестер берді. Алынған мәліметтер қалалық емханаларға ұсынылатын болады.

«Жүректен жүрекке» ұранымен өткізілген акция соңында еріктілер қайырымдылық эстафетасын №12 Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің еріктілерін жолдады.

Бүгінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2 волонтерлар тобы жұмыс жасауда. Бүгінде топтарға 200-ге тарта студент мүшелікке қабылданған. Олар сабақтан бос уақыттарын игілікті іске жұмсап қайырымдылықпен айналысады.

Колледж еріктілері «Ең үздік волонтер – 2018» және «Үздік салалық волонтерлар» республикалық сайыстарында дипломдармен марапатталып, облыстық «Ерікті жастар: Ар-Ұждан дауысы» волонтерлар байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.