Таразда 3 ақпан күні сағат 10:00-де Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған айтыскер ақындар арасында шағын футболдан «Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау» атты халықаралық турнир өтеді. Оған еліміздің сегіз облысынан 50-ден астам ақын келеді деп күтілуде. Айтыскерлер арасында Бекерыс Шойбеков, Мұхтар Нияз, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев және өзге де елімізге танымал ақындар болады.
Жамбыл Жабаевтің туған күніне орай өтетін республикалық айтысқа дайындық ретінде белгіленген бұл шара барысында қонақтардың қатысуымен әдеби-сазды кеш өтеді деп жоспарлануда.