A place where you need to follow for what happening in world cup

Шулық 6 ақын облыстық айтысқа жолдама алды

207

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі жалғасуда. Бүгінгі Шу аудандық мәдениет үйінде өткен айтыста барлығы 11 ақын 6 жұп болып өнер көрсетті.
Айтысты белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев ашып берді. Сөз мергендерінің тартысқа толы бәсекесінде облыстық іріктеуге 6 ақын өтті. Оның ішіндегі 2 ақын жаңа есім Ерлан Орын мен Ильяс Бірімқұлов. Қалған 4 ақын – Нұрлан Жұмабеков, Бақтыбек Жұмабеков, Әділет Медетқұл мен Айым Көшербай.
Естеріңізге сала кетсек, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңінде қытысушылардың өнерін қазылар алқасы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілері халықаралық Одағының» облысытық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков, өңірімзге белгілі айтыс ақындары Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова және Ербол Қамбатыров тұрақты түрде бағалап отырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.