A place where you need to follow for what happening in world cup

Талғат Жақан Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары болды

154

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды munaranews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақан Талғат Амангелдіұлы 1965 жылы 7 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.

1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясын тәмамдап, экономика магистрі дәрежесін алды.

Әртүрлі жылдары Қазақстан сыртқы істер министрі кеңесшісі (07.2007-10.2007); парламент сенаты аппараты басшысының орынбасары (10.2007-2010); премьер-министр кеңесшісі (03.2012-10.2012); Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (16.09.2016-09.09.2021) болды.

2021 жылдың қыркүйегінен президент іс басқармасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысы қызметін атқарды. Nur Otan партиясының мүшесі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.