A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұрмұхамед Байғара Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

114

Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Nurmukhamed Baigarayev  Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, –  деп хабарлайды «Munaranews.kz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болды. AMANAT партиясының Саяси департамент директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған.

Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасына кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.