A place where you need to follow for what happening in world cup

«Тәуелді болмаңыз, еркін болыңыз» атты квест ойындары өтті

138

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жастар ісі жөніндегі комитеті бастамасымен жастар арасында «Тәуелді болмаңыз, еркін болыңыз» атты қалалық квест ойындары өтті. Квест ойындары қаламыздың «Арбат» кешені бойын қамтыды.
Квест ойынының мақсаты мен міндеттері:
1.Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағыттылған;
2.Жастардың ой ұшқырлығымен жылдамдықтарын дамыту;
3.Өз-өзін жетілдіру, командалық ойындарда ұйымшылдықтың маңызын түсіндіру.

Жалпы ойынға 7 команда, 50 жуық жастар қатысып, аталмыш додада өз бақтарын сынады.
Квест ойыны 5 кезеңен тұратын, логикалық, интеллектуалдық дағдыларды сынайтын алаңша. Ойын соңында берілген тапсырмаларды жылдам және дәл орындағын топтар жоғары ұпай жинап, үздіктер анықталды.

1орын-«Қазақстан Волонтерлар Лигасы» командасы;
2-орын «Жас Отан» командасы;
3-орын «Фемида» командасы.

Квест ойынының жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, номинациялар бойынша сувенирлік өнімдер табысталды.
Қатысушылар: жоғарғы оқу орындарымен, колледж студенттері, жастар. Аталмыш іс-шараға 7 команда, 40-тан аса жастар қатысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.