A place where you need to follow for what happening in world cup

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

62

Түркістан облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам мерт болды. Тағы 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2 тамызда түнгі сағат 02:00 шамасында «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында болған. Мұнда «Lada Priora» мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысты

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Бүгінгі таңда аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.