A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайлас жемқорлық жасағанның сот процесіне әріптестері қатысты

264

Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және тектес құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азаматтардың әріптестерінің қатысуымен сот процестерін онлайн-трансляциялауды ұйымдастыру тәжірибесі енгізілді.

Осылайша Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сотталушы тұлғаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша сот процесінің онлайн көрсетілімі аталған мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.