A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандар кәсіптік-техникалық білім алуда

140

Темір торға тоғытылған жандар ҚАЖ мекемелерінде кәсіптік білім алып, мамандық игеруде. Бұл туралы өңірлік ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде Білім күніне орай аталған түзеу мекемесінің жанындағы №15 колледжде электрик, жиһаз жасаушы, тас қалаушы, газэлектрпісіруші мамандықтары бойынша топтар ашылды. Сонымер қатар, орта және кешкі мектепте сыныптар жұмысын бастады.

Аталған топтарда темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан азаматтар білім алып, мамандық иесі атана алады. Бұл, өз кезегінде, олардың бостандыққа шыққан соң жұмысқа орналасып кетуіне көмек болмақ.

– Колледжде электрдәнекерлеушілер, кран машинисі, жиһаз жинақтаушылар, электриктерді оқытатын төрт топ бар. ЖД-158/2 мекемесі бойынша былтырғы оқу жылында электриктерден 25 білімгер бітірді. Келесі жылы 50 білімгер бітіреді. Олардың тең жартысы краншылар, қалғаны электрдәнекерлеушілер, – дейді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.