A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталған азаматтар спорттық жарыстардан сынға түсті

450

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын жүзеге асыру бағытында біршама ауқымды жұмыстар жүзеге асып келеді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — Отанға құрмет көрсетіп, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, оларды спортқа баулу болып табылады. Спорттық шара аясында сотталған азаматтар спорттың сан түрімен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады.

Атап айтқанда, арқан тартыстан үздік үштікті 2-ші, 8-ші және 3-ші жасақтағы жазасын өтеушілерден құралған командалар түйіндеді. Аталған шараны ұйымдастырушы мекеме қызметкерлері тәрбиелік мәні бар мұндай маңызы бар спорттық іс-шараларды алдағы уақыттада өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.