Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шу ауданы Көктөбе ауылының 39 жастағы тұрғынынан 16 кг 540г кептірілген марихуана есірткі заты анықталды.
Күдікті кінәсін толықтай мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі құралдарын заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткі заттарын жарнамалайтын интернет-сайттары көрсетілген граффити-жазбалар және тыйым салынған өнімдер туралы мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.