Байзақ ауданында Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Қ.Төлебаев пен Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі Қ.Төлендиевтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында жиналыс өтті. Штаб өкілдері білім саласындағы мектеп директорлары мен орынбасарлары, балабақша меңгерушілері және бухгалтер есепшілерімен бас қосты. Жемқорлық қоғамның азғыны, жегідей жеген құртына айналды. Ал онымен күресу тек белгілі ортаның емес, әр азаматтың парызы. Сондықтанда, әсіресе балабақша, мектеп табалдырығында ата- аналардан ақша жинауды тоқтату қажеттілігі айтылды. Мереке немесе қоштасу кештеріне сыйлық, қыдыру кештерін ұйымдастыруды тоқтатуға үндеу жарияланды. Ұстаздар қауымы пікірлерін айтып, адал, парасатты бала тәрбиелеп жатқандықтарын да өз тараптарынан жеткізді. «Парасатты отбасы» байқауында жеңімпаз атанған азаматтарды айтып, өзге жанұяларға үлгі болып отырғанын айтты. Жиынға қатысушылар мұнан соң, «Адалдық дүкенінің» жұмысымен танысты