A place where you need to follow for what happening in world cup

Шөлдалалықтардың қуанышында шек жоқ

А. Қарабалаев уәдесінде тұрып, алқапқа газ жеткізді

150

Тараз қаласының «Шөлдала» тұрғын алқабына көгілдір отын келді. Алқапта көгілдір отын алауының тұтануына қала әкімі Айтқазы Қарабалаев  тікелей ықпал етті.

2019 жылғы мамыр айынан бері барлығы 13 тұрғын алқабына газдандырудың жер асты құбыры жүргізіліп келді. Бұған дейін «Казарма», «Құмшағал» тұрғын алқаптары газдандырылған. Енді «Победа», «Юбилейный» алқабына газ берілсе, келесі айда «Восход», «Ветеран», «Силикатник» саяжайларына көгілдір отын беріледі. Жұмыстарды жүргізуші мердігер «Энергостроитель» ЖШС-гі жалпы көлемі 70 шақырымды құрайтын көгілдір отынды кіргізу үшін газ тарату шкафтарын, 2 газ тарату пунктінің құрылысын жүргізді.

«Энергостроитель» компаниясының директоры Бауыржан Бозымбеков жиналған көпшілікті көгілдір отынның қуанышымен құттықтады. Алқапты көгілдір отынмен қамтамасыз етудің үлкен еңбекпен келгенін атап айтып, келген көгілдір отын – бұл заманға лайық өсіп-өркендеудің, дамудың бір сатысы, жарқын да жайдары көрінісі екенін алға тартты. Осыдан кейін көгілдір отынның алауын тұтатты.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.