A place where you need to follow for what happening in world cup

Сеулді су басты

72

Сеул қаласы мен оның маңындағы аудандарда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен сел құрбандарының саны 11-ге жетті деп хабарлады turkystan.kz.

Сеулде жаңбыр төртінші күннен бері толастар емес.  3,7 мыңнан астам үйді су басты. Ресми мәліметтерге сәйкес, сел салдарынан Сеулде алты, Кёнги провинциясында 3 адам және Ганвон провинциясында 2 адам қайтыс болды. Билік 8 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.