A place where you need to follow for what happening in world cup

«Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ!» атты спартакиада ұйымдастырылды

7

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында бүгінгі Конститутциямыздың 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ!» атты 2020 жылдың 28 тамызында Тараз қаласы, «Құмшағал» алқабында, А.Байтұрсыныов №1 көшесі, спорт алаңшасында спартакиада ойындары өткізіліп отыр.

Спартакиада да Тараз қаласы әкімінің 11-округ бас инспекторы М.Акулиев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Есіркепов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жастарымызға сәттілік тіледі.

Спорттық жарыс қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін педагогигалық тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Спорттық ойындар адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады. Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Жарыстың негізгі де бірден-бір мақсаты қала жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдалану мен қоса салауаттану,  адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады.

Жарыс 3 кезеңнен өтті. 1-кезеңде футбол ойыны, 2-кезеңде вело жарыс, 3-кезең арқан тарту өтті. ҚР Конституциясының 25 жылдығы күніне орай өткен спартакияның қортындылау кезінде жеңген топ және белсене қатысқан жастарға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Еркінбек  Жаманкеев,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің

Ақпараттық–мониторинг секторының меңгерушісі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.