A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚР Конституциясының 25 жылдығы Қордайда марапатпен жалғасты

191

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдағанына 25 жыл толады. Еліміздің ел болып, керегеміздің кеңейіп, шаңырағымыздың нығайып, тәуелсіздігіміздің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Ата-Заңымыздың алатын орны ерекше. Осынау мереке қарсаңында жылдағы игі дәстүр бойынша аудан әкімі бірқатар аудан тұрғындарын марапаттады.
Аудан әкімдігінде өткен салтанытты жиында Рүстем Дәулет іс-шараға қатысушыларды төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ата Заң біздің адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік беретін атап өткен аудан басшысы марапаттау рәсімін бастады.
Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарғаны, отан алдындағы игі істері мен жауапкершілігі, кәсібіне деген адалдығы үшін айтулы мерекеге орай «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен келесі азаматтар марапатталды: Е.Бозжаев, Д.Айтқожын, С.Қашағанов, Д.Двумаров, К.Сәрсенбаева, І.Буларов, С.Қожамқұлов, Ж.Ещиғанов, Ж.Манасбаев, Х.Абдуллаев, Г.Айтқұлова, Е.Сатылғанов, С.Сидоренко, А.Изаева, Д.Молдағалиев, А.Ахметова, А.Өмірбек, Г.Әжмиева, Ш.Сабанова, Е.Әуелбеков, Р.Әмірханова, Г.Сұлтанова және А.Сәттібаев.
Ал, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен Т.Апаева, Л.Харченко, М.Лочь, А.Идыбо марапатталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы М.Асанқұловқа, Алғыс хаты Л.Нуркееваға тапсырылды. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Г.Молдажанова және Қ.Уәлиева марапатталса, Қордай ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасы М.Әлімбаев пен Р.Джинлироваға ұсынылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.