A place where you need to follow for what happening in world cup

Сақшылар қайырымдылық жасады

178

Елімізде бесінші рет аталып өтілген 1-наурыз Алғыс айту күнінде сондай-ақ Еріктілер жылы аясында біраз игі істер атқарылып жатқаны белгілі. Осындай қайырымды шараға үлес қосқан Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлерін айрықша айтуға болады.

Әділет подполковнигі Бауыржан Сауранбаев басқаратын сақшылар қаражат жинап, облыс орталықтарында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше жанұяға азық-түлік, күнделікті тұрмыста қажет заттар жеткізілді.

— Алғыс айту күніне және Еріктілер жылына орай біздің мекеме қызметкерлері облыс орталығындағы көпбалалы 2 отбасыға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Игілігі мол мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, — деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұржан Күтімбетов.

Әрине, қоғамдық тыныштықтың күзетшісіне айналған тәртіп сақшыларының қолдан келгенше қайырымдылық жасауы — сауапты іс. Оның үстіне, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету қашанда құрметке лайық. Бастысы, отбасы мүшелерінің шын жүректен айтқан алғысы емес пе?!

 

Құндыз Ахашева,

ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.