A place where you need to follow for what happening in world cup

Сәлем салу – салтымыз

6 279

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық құндылықтарды айтып, оны сақтауды міндеттеді. Соның аясында ата-бабамыздан мұра болып қалған дәстүрімізді ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

Салт-дәстүр  —  адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы,  мәдени мұрасы деп білемін. Соның бірі сәлем салу салтына тоқталғым келеді.

«Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу — ұлыңдай» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана! Беташар кезінен бастап сәлем салу келіннің басты міндеті десекте болады. Үлкенге иіліп сәлем салу арқылы «Көп жаса!», «Бақытты бол айналайын!» деген ақ бата, жақсы сөз, игі тілектерді естіген келіндердің бағы артады деп жатады.  Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі ата – енесіне, қайын жұртына деген құрметі.

Салт-дәстүрдің жалпы болмысы бірдей болғанымен әр өңірде әр түрлі орындалатыны бәрімізге таныс жайт. Сол сияқты сәлем салу дәстүрі өңірлерге бөлінеді.

Батыс өңірінде сәлем салу қатаң талап етілмеген. Батыстың келіні беташарда жалпылама топтастырып сәлем береді екен. Сәлемді бір қолын тізесінің үстіне қойып сәл бүгіліп салады.

Оңтүстік өңірінде сәлем салу және басқа да көп салт дәстүрлер қатаң ұстанады. Сондықтанда бұл өңірде сәлем салу міндетті түрде орындалады. Сәлемді екі қолын айқастырып иіліп салады.

Солтүстік өңірде сәлем салу мен орамал тағу деген мүлдем жоқ деп айтуға болады.

Шығыс өңірінде сәлем салу емес, қыздың басына ақ орамал тағылып, көбіне отқа май құю ырымы орын алады екен.

Еліміздің әр өңірінде бұл дәстүр әр түрлі болып орындалғанымен ең бастысы әрі маңыздысы – сәлем салудағы шын ниеті. Жалпы келіндердің күйеуінің туыстарының, ата-енесінің алдында басын иіп, салем салуы келін мен қайын жұрт арасын жақындастырып өзара береке бірліктің артуына ықпалы көп. Қазағымыздың кең пейілдігі осы салт- дәстүрлерімізде байқалады. Барлығымыз бір болып салт-дәстүрімізді қалдырмай одан әрі жаңғыртуға үлес қосып, бірлігімізді танытуымыз қажет.

Г.Оспанова,

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.