A place where you need to follow for what happening in world cup

Павлодарда із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

92

Павлодарда 22 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғын Роман Малаховтың мәйіті табылды, деп хабарлайды munaranews.kz  Павлодар-онлайн басылымына сілтеме жасап.

Таңертеңгі сағат 10-да ол үйінен сыртқа шыққан, одан соң ешкім оны көрмеген. Анасы полицияға ұлын табу туралы өтінішпен жүгінді. Бірнеше сағаттан кейін ер адам жайлы әлеуметтік желіде ақпарат тарап, еріктілер іздестіруге шықты. Ол адасып кеткен болуы мүмкін деп болжалды.

Сыртқы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, шағын аудан тұрғындары мен туған-туыстарымен сөйлесе отырып, іздестру қызметкерлері ер адамды таба алмады.

Полиция, құтқарушылар мен еріктілер көшелер мен подъездерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен жұмысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздестіру бір тәулікке созылды.

Ер адамның мәйіті 23 қаңтарда сағат 16.00-де Ертіс өзенінің жағасында табылды. Павлодарлық өзінің 35 жасқа толар алдында көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын ала себебі үсіп қалу делінді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.