A place where you need to follow for what happening in world cup

Отбасы күні – берекелі мереке

231

Отбасы күні — Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі. Оны атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Мұндағы мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту. Ата Заңымызда да мемлекеттің басты қазынасы — адам мен оның өмірі деп атап көрсетілсе, ал Отанның өзі отбасынан басталады.
Ал заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Қиындығы мол, қылмыстық атқару саласында тергеу изоляторының тегеурінді ісіне төтеп беріп жүрген ЖД-158/1 мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Кутумбетов үшін әрқашан жанұясы бірінші орында. Бүгінде ол жұбайы Мадинамен бірге 2 ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
— Ата-ананың жүріс-тұрасы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы барлығы бала үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып, жақсы тәрбие көрсетуі керек. Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бері елімізде «Отбасы күні» аталып келеді. Бұл дегеніміз — мемлекеттік деңгейде отбасы, жанұя ұғымдарына көрсетілетін зор құрметті паш етеді және оған ерекше назар бөлінетінін айқындайды, — дейді Н.Кутумбетов.

Құндыз Ахашева,
ЖД-1581 мекемесінің психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.