облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы №20 орта мектеп жанынан ашылған №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысты.
Бұл мекемеде Тараз қаласының 3, 8, 7, 4 және 6 мөлтекаудандарында тұратын ерекше білім беруді қажет ететін 150 балаға қызмет көрсетілетін болады.
Мекемеде кабинеттер балаларды оңалтуға арналған құрал-жабдықтармен, әдістемелік материалдармен, әдеби және ойын арқылы дамытатын Монтессори материалдарымен жабдықталған. Аталмыш мекемеде дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог-психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, медбике-массажист, әдіскер мамандары қызмет етуде.
Айта кету керек, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына қолдау көрсету мақсатында білім басқармасының «ДАРА» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып ашылған.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық