A place where you need to follow for what happening in world cup

Оқушы қыз наурыз мейрамын тойлау кезінде қайтыс болған

328

Өзбекстанның Миришкор облысындағы Қашқадария ауылында Наурыз мейрамын тойлау кезінде оқушы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға мектеп оқушыларының орындауындағы гүл шоқтары бар би кезінде болған. Қыздардың бірі кенет жерге құлап түскен. Жедел жәрдем тек қыздың өлімін жариялауға ғана үлгерген.

Халықтық білім беру министрлігінің мәліметінше, марқұм жергілікті мектептердің бірінде оныншы сыныпта оқыған. Ол бала кезінде эпилепсиямен ауырған. Оқиғаға байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.