A place where you need to follow for what happening in world cup

NIS-те бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі талқыланды

2 021

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Жаңа жағдайдағы білім беру»жобасы аясында Педагогикалық өлшемдер орталығы өткізген үшінші дөңгелек үстеліеліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық мұғалімді жинады

Кездесу бағалау процесі туралы педагогтердің өзекті сауалнамасынан басталды. Алғашқы нәтижелер мұғалімдердің басым көпшілігі (бестен төрт бөлігі) бағалау білім берудің нақты сапасын көрсетеді деген сенімінайқындады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрі нақты баға оқушының дамуына, өзінің күшті немесе әлсіз тұстарын түсінуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететінін атап өтті:

– Бағалау «Мен және тұжырымдама» ұғымының қалыптасуына, яғни оқушының өзі туралы түсінігіне әсер етеді. Мұғалімнің бағалауы, сыныптастар мен ата-ананың реакциясы өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады. Оқушыныңбағалаудағы «Мен» ұғымына қанағаттануы өзінің жеке маңыздылығы мен әл-күшін, барабарлығы мен пайдалылығын сезінуге, сондай-ақ осыдүниеге өзініңқажет екенін түсінуге ықпал етеді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы.

Күләш Ноғатайқызының тұжырымдары «Білім – 2030» жаһандық жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) зерттеу нәтижелерімен бекітілді. Жобаның ұлттық үйлестірушісі – NIS.Бағалаудың дәстүрлі модельдері өзгеріс үстінде, ал жаңа қалыпты жағдайда оқушылар өздерінің оқу процесін жақсартуға белсене қатысып келеді.

Педагогикалық өлшеулер орталығының директоры Айдана Шилибекова дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын мұғалімдер үшін ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің келісімділігін қадағалаудың маңызды екеніне аударды,бұл білім беру сапасын қамтамасыз етеді:

– Сыртқы бағалаудың күшті жүйесі қоғамдық сенімді оята алады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Оқушыларды бағалау жүйесін жаңартылған білім беру мазмұнымен сәйкестендіру» бағыты бойынша «Орта білім беруді жаңғырту» кешенді жобасы іске асырылуда.Cambridge Assessment пен NIS-тің бұл жоба аясындағы әріптестік байланысының мақсаты – орта білім беру жүйесін дамытудағы халықаралық тәжірибе мен қазақстандық жетістіктердің бірігуі.Жобаның негізгі сарапшыларының бірі Анна Грин халықаралық бағалау стандарттары және оларға қалай сәйкес келу керектігі туралы ақпаратпен бөлісті:

– Лайықты бағалау – жақсы білім берудің темірқазығы. Біз емтихандарымызды әзірлеу барысында оқушылардың бойына сіңіргіміз келетін дүниелерді басты назарға аламыз. Олар: пәнді тереңінен меңгеру, концептуалды түсінік және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары.Біздің бағалауымыз оқушыларды үлгерімі бойынша тиімді саралауға мүмкіндік береді. Біз оны әділ, валидті, сенімді және іс жүзінде мүмкін болатындай етіп өткіземіз, – деп атап өтті Cambridge Assessment сарапшысы.

Дөңгелек үстелдің басында сауалнамадан өткен қатысушылардың басым көпшілігі стандарттарға сәйкестік мәселесі мектептерді бағалау деңгейінде де қарастырылуы керек деген пікірмен келісті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы орынбасары Ольга Можаеваның баяндамасы халықаралық деңгейдегі мектеп қызметін бағалау тәсілдерінің бірі – аккредиттеуге негізделді. Спикер халықаралық аккредиттеу процесінде мектептердің ішкі өзін-өзі бағалауын ерекше маңызды кезең деп атады. NIS мысалында Ольга Ивановна орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын талдады:

–Жалпы білім беретін мектептер Зияткерлік мектептердің өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау тәжірибесін қолданыстағы стандарттарға сәйкес өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсіну мен дамыту бойынша нақты шараларды жоспарлау үшін пайдалана алады. NIS әрбір мүдделі мектепке консультациялық, әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын, – деп қорытындылады Ольга Можаева.

Мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – бағалауды оқу процесіне кедергі келтірмейтін жүйе ретінде қалыптастырып, оны жақсарту. Бұл пікірді Назарбаев университетінің профессоры Мэтью Кортни ұстанады. Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының орынбасары Сәуле Вильданова шетелдік сарапшының ой-пікірін жалғастыра отырып, мұғалімдер практикасының бағалау әдіснамасына жан-жақты тоқталды. Сәуле Аифовна бағалау тек оқушыларға ғана емес, сондақ-ақ педагогқа да байланысты екендігі туралы пікірменбөлісті – кез келген оқушы түсінікті әрі қызықты сабақ бере алатын мұғалімнің дәрісіне қатысып, әділ баға алғысы келеді, себебі бұл үрдіс жоғары нәтиже әкелетіні сөзсіз.

Қазақтың ақыны әрі ұстазы Мағжан Жұмабаев өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көпғасырлық салт-дәстүрлерді және халықтың педагогикалық мұрасын пайдаланудыерекше атап өткен. Өз еңбектерінде ол бүгінде енгізілген критериалды тәсілге сәйкес келетін бағалауды дұрыс түсіну туралы идеяларды бірнеше рет көрсеткен. Тәрбиелік аспект мұғалімнің сабақтағы қызметі арқылы көрінеді. Әдеби шығармалар мен математиканы біріктіретін қызықты тапсырмаларәзірлеу тәжірибесімен NIS-тің математика пәні мұғалімі Анар Баймурзаева бөлісті, ал өзін-өзі бағалау және кері байланыс арқылы оқу материалын терең меңгеругеықпал ететін бағалау туралы мысалды елордалық №48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлшат Капшаева ұсынды.

Педагогтардың бағалауға қатысты тұжырымдамалары мен пайымдауына мектеп оқушылары да шынайы пікірлерін білдірді. Айта кету керек, білім алушылардың көзқарасы әр алуан – бірі бағалау не істеу қажетжәне қандай бағытта қозғалу керек екенін түсінуге көмектеседі деп сенеді, ал біріматериалды игеру – ең маңызды үрдіс, ол үшін баға қою міндетті емес деп есептейді.

Кездесуді қорытындылай келе Күләш Шәмшидинова кез келген бағалау жүйесі адамды оқуға ынталандыруы тиіс екенін, ал шынайы сапалы бағалау жүйесі мұғалімнің күнделікті жұмысын сәтті көрсететінін атап өтті. Сапа – бағалаудың басты мақсаттарының бірі.

Дөңгелек үстел барысында ұсынылған материалдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ныңжүйелік-әдістемелік оқу кешенінде жарияланады.

«Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» – Ыбырай Алтынсариннің180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында NIS-те өткен үшінші дөңгелек үстел.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.