A place where you need to follow for what happening in world cup

Назарбаев және оның отбасы туралы заң күшін жоюы мүмкін

305

Тұңғыш президент туралы конституциялық заңның күшін жоюды талап еткен петицияға 50 мыңнан астам адам қол қойған.

Петицияда «Сонау 2000 жылы қабылданған «Тұңғыш Президент туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұңғыш президентке және оның отбасына толық иммунитетке кепілдік беріледі, атап айтқанда:
1. Тұңғыш президентті ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, шақыруға болмайды. жауап алу үшін қамауға алынды.
2. Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық мүлікке қол сұғылмайды.
3. Елбасы банк шоттарының қол сұғылмауына кепілдік берді.
4. Назарбаев пен оның отбасы өмір бойы қорғауда, Елбасының өмірі мен денсаулығы міндетті мемлекеттік сақтандыруға жатады.
5. Зейнетақы алады (президенттің айлық жалақысының 80%). Онымен бірге тұрған Назарбаевтар отбасының әрбір мүшесіне ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады.
Жаңа Қазақстан ұмтылып отырған еркін демократиялық қоғамда бұл артықшылықтар қабылданбайды деп есептейміз, сонымен қатар, тұңғыш президенттің отбасы мен басқа да туыстарының табыс көздері өте күмәнді. Осының барлығы заңды және объективті тергеуге жатады, бірақ бұл аталған заңға қайшы келеді. Біз бұл заңның күшін жоюды талап етеміз!», – делінген.

Петицияға қол жиналып жатқан уақыттан бері біраз өзгеріс болды. Оның негізгісі – Назарбаевты Қазақстан халқы ассамблеясы мен қауіпсіздік кеңесін мәңгілік басқару құқығынан айыру туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізуді парламенттің қос палатасы да мақұлдады. Бірақ тұңғыш президент туралы заңның күшін жою туралы әлі ресми бастама көтерілген жоқ. Сондай-ақ Назарбаевтың үкіметтің, парламенттің алдында сөйлеу және конституциялық кеңес құрамына кіру мүмкіндігі сақталып отыр.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың отбасы және оның жақтастары түрлі саладағы қызметтерінен босатылды. Назарбаевқа жақын делінетін кадрларды тазалау әлі жалғасып жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.