A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмдықтарды мазалайтын мәселелер назарға алынады

127

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үшін құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп тапсырған болатын. Осы Жолдау аясында өткізілген қоғамдық қабылдау апталығы маусым айында  Қызылтал ауылдық округінен бастау алған еді.      Өткен аптаның бейсенбісі күні ашық аспан астындағы алғашқы қоғамдық қабылдау Жамбыл ауылында өтті. Оған аудан әкімі Мәден Мұсаев пен бірге аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ү.Айнақұл, ХҚКО басшысы Б.Көшенов және аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Ауыл тұрғындары, еңбек ардагері Т.Қалдарбеков, зейнеткерлер М.Бадықов, Ш.Сқақовтар ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайына алаңдайтынын бідіріп, Ә.Әжібаев көшесі асфальтталынса, ауыл көшелерін жарықтандырса, жайылымдық жер берілсе, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығын атап өтуге ауданнан қандай көмек болатыны тәрізді сұраныстарын жеткізді.

Қабылдауда ауыл халқының сұраныстары ғана қабылданып қоймай, өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға да кеңестер берілді. Сондай –ақ ауыл тұрғындары М.Оразова, зейнеткер Р.Дүйсенбаева, Қ.Мейманқұлова, А.Төлеулиева, И.Әжітурлиевалар тұрғын үй берілсе, үй салуға жер берілсе, дүкен ашуға, құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады. Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Оспанов аудан басшылығына ауыз су мен егін суы мәселесінің шешілгеніне және ашық аспан астында қабылдау өткізіп отырған игілікті ісіне алғысын жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға қатысқан мекеме башылары өз кезегінде тиісті заңнамалар аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы қабылдауға ауыл бойынша 10 азамат келіп, оның біреуіне түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, ал 9 азаматтың сұранысы бақылауға алынды.

Аудан әкімі М.Мұсаев кейбір мәселелерді сол жерде шешіп, тиісті азаматтарға нақты тапсырма берді. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі түсіндірілді.

Қылышбай ауылында өткен қоғамдық қабылдауға ауыл тұрғындары белсене қатысты.  Аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудан прокуроры Нұржан Әділов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Иманбаев, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме, кәсіпорындардың басшыларына ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сан-алуан сұрақтарын қойып, оған тиісінше жауаптарын алды. Қабылдауға келген еңбек ардагерлері С.Ержігітов пен Б.Жүндібаев Қ.Бөлдешов, Исабай, Ж.Тоқбергенов, Баялы-Бает көшелеріне асфальт төселсе, шірік сексеуіл отынын алуға рұқсат берілсе, жаздық спорт алаңы, клуб, «Ақиық» каналына гидроқондырғы салынса, облыстың 9 ауданына жеткізілген табиғи газ ауданға алып келінсе, интернет жүйесінің сапасы арттырылса деген өтініштерін білдірді.

Еңбек ардагерлері Ұ.Маралбаев, Ә.Жайлаубаев мал азығын дайындауға шөп тайлайтын прессс қондырғысын алуға ықпал жасалса деген тілектерін айтты.

Ал ұлағатты ұстаз С.Ибрайымов ауылға ауыз су құбыры жүргізілетіндігіне, егін суының тұрақты берілуіне, мектеп терезелерінің  пластик терезелерге ауыстырылуына, мектеп ішінен дәретхана салынуына ризашылығын жеткізіп, шағын спорт алаңы салынса деген ұсынысын айтты.  Ал ауыл тұрғындары Б.Сейсенбаева үй салатын жер, Б.Исабекова пәтер алуға көмек, Ә.Шубаев пайдалану мерзімі өткен жеке куәлігін ауыстырудың жолдарын сұрады.

Қылышбай ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда 8 азамат қабылданды. 7 азаматтың сауалдары бақылауға алынды, 1 азаматқа түсіндірілді.

Сенбі, жексенбі күндеріне қарамастан өткен аптадағы көшпелі қоғамдық қабылдау Ұланбел, Қарабөгет ауылдарында жалғасты. Ұланбел ауылындағы қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов, ал Қарабөгет ауылындағы қабылдауға аудан әкімі Мәден Мұсаев бастаған аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбсары Үсен Айнақұлдар қатысты.

Ұланбел ауылындағы қабылдауға келген зейнеткерлер Ж.Тұрғанбаева, Ж.Жұмабаева, Ж.Елубаев, Т.Серікбаев тағы басқалар ауылға интернет желісінің тартылуын, мектептегі жалғыз интернеттің өзінің жылдамдығы баяу екенін атап өтті.

Сондай-ақ А.Елібаева, А.Зикенова, Р.Ескермесова, А.Тоқбергенов, Н.Қошалиева, Б.Рахымжанова, Н.Базарбаевтар ауылға интернеттің керектігі,  ауылдан шағын футбол алаңшасын соғу, атаулы әлеуметтік көмек алу, несие алу жолдары, зейнетақыны рәсімдеу, шіркін сексеуілді жауын-шашынға ұрындырмай ерте босату керектігі туралы сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан жауаптарын алды. Ұланбелдіктер кейінгі күндері электр жарығының күндіз жанбайтындығына да алаңдаушылық білдіріп отырғандарын жеткізді.

Қарабөгет ауылындағы қабылдауда зейнеткерлер Т.Үйсінбеков пен С.Шайшаев ауыз су мәселесін көтерсе, ауыл тұрғыны У.Бидайбеков «Ізбасар» каналын тазалау, «Қарағылды» байлау, мектепке спорт залын соғу, А.Оразалиев мал, адамдардың қауіпсіздігі үшін үлкен жол бойын сексеуілден тазалау, М.Шыныбеков жұмысқа орналасу жолдарын сұраса, сарыөзектік М.Омаров ауыл іргесіндегі жерлерді жекешеге бермеу, ауыл клубын жөндеу, А.Бекқожаев ауыз су мәселесін көтерді. Аталған сұрақтарға аудан әкімі М.Мұсаев, тиісті бөлім басшылары жауап берді.

Қарабөгеттік азаматтар жақында ғана ауылдан шағын футбол алаңшасы соғылып, пайдалануға берілгені үшін аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлына алғыс айтуды да ұмытпады.

Мойынқұм ауданы, Жамбыл, Қылышбай, Ұланбел, Қарабөгет ауылдары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.