A place where you need to follow for what happening in world cup

Кенжебек Олжабай жаңа қызметке тағайындалды

285

2020 жылдың 09 қыркүйектен бастап нөмері 152-Ж бұйрығымен Олжабек Кенжебек Мамашбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Олжабек Кенжебек Мамашбайұлы 11.04.1960 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1982 ж. Қазақ химия-технология институтын, 2006 ж. «Тараз» институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1989 жылы Өндірістік оқу шебері, комсамол комитетінің хатшысы болып бастап, материалдық- техникалық жабдықтау секторының меңгерушісі, Республикалық жастар ғылыми-экономикалық бірлестігінің студенттік отрядтар штабы секторының меңгерушісі, «Центр» коммерциялық фирмасының директор орынбасары, Жамбыл облыстық кәсіптік –техникалық білім беру басқармасының жетекші маманы, «Центр» коммерциялық фирмасының директоры, Жамбыл қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл қаласы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Тараз қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы төрағасының м.а. төрағасы, Жамбыл обл. әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушысы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.