A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұм ауылына ұлт мақтанышының аты берілмек

105

Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Мойынқұм ауылының тұрғындарының қатысуымен Мойынқұм ауылының атауын Жазылбек Қуанышбаев атауына өзгерту жөнінде маңызы зор жиын болып өтті.

Жиынға аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары Ж. Қалыбаев, Б. Сатыбалдиев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі М. Мыңбаев, аудандық заң кеңсесінің басшысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаев атындағы қоғамдық қордың Президенті  О. Ахмет және ауыл ақсақалдары бастаған бірқатар зиялы өкілдер қатысты.

Ауыл атауын өзгертуге жиынға жиналған жұртшылық қарсылық білдірмеді. Барлығы бұл бастаманы қос қолдап жақтайтындарын жеткізді. Себебі ауылға ғана емес аудан, облыс, республикаға еңбегі сіңген, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беру бұл қай жағынан болмасын қуана құптайтын дүние болды. Жиында «Даңқты  шопан  Жазылбек  Қуанышбаевты халық «Шопандардың  атасы», «Дала академигі», «Малшылардың маршалы» деп еркелеткен. Бүкіл саналы ғұмырын қой өсіруге арнаған Жаз-ата өзінің адал еңбегінің арқасында Мойынқұм өңірінің мерейін тасытты. Сондықтан ауылымыздың атауы Жазылбек Қуанышбаев ауылы деп ұлт мақтанышының атымен аталып жатса, қандай жақсы болар еді» — деген сияқты бірталай оңтайлы пікірлер мен орамды ойлар ортаға салынды.

Келелі кездесуді округ әкімі М.Мыңбаев пен Жаз-ата атындағы қоғамдық қордың Президенті О.Ахмет қорытындылап, алдағы уақытта жиналыста талқыланған негізгі мәселе бойынша қаулы дайындалатынын және онда көрсетілген шараның орындалуы міндеттелетінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.