A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды

237

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен 2020 жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды.

Жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мемлекеттік сатып алу бойынша өткен жылдың атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасап, биылдық жоспармен бөлісті. Өз кезегінде өңір басшысы барлық тендерлік құжаттардың уақтылы дайын болу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар өткен жылдары жіберілген олқылықтарды түзету керектігін де алға тартты. Бұдан өзге мемлекеттік сатып алуда жергілікті жердегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету мәселесін көтерілді. Аталған жұмыстар бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға талдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Басқосу соңында облыс әкімі басқарма басшылары мен мекеме басшыларына мемлекеттік сатып алу конкурсын дер кезінде жариялауды тапсырды. Сонымен қатар жергілікті және отандық тауар өндірушілерге баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.