Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №43 орта мектеп мұғалімінің өтінішіне байланысты жұмыс комиссиясы құрылды.
Комиссия құрамына облыстық білім басқармасының, салалық кәсіподақтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді.
Жуық арада комиссия барлық жағдайды зерделеп, мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің іс-әрекетіне объективті тұрғыда баға беретін болады. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Е. Жылқыбаевтың тікелей бақылауында.