A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәселе қаралып, шешім қабылданды

137

Бейсенбі күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында депутат Данебек Ахметовтың төрағалық етуімен жетінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының кезекті алпыс сегізінші сессиясы өтіп, күн тәртібінде он сұрақ қаралды.
Бірінші мәселе «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р.Әлжанова, екінші мәселе «Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссияның 2019 жылдың шілде айынан 2020 жылдың тамыз айына дейінгі мерзімде атқарған жұмыстарының есебі туралы» аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы І.Тортаев хабарлама жасады. Осыдан кейін аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Ж.Әбеновтың «Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиның 2019 жылдың шілде айынан 2020 жылдың тамыз айына дейінгі мерзімде атқарған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселеге сай аудан әкімі Н.Календеров мінберге көтеріліп, өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқару бойынша мәслихат депутаттарының алдында есеп беріп, аудандық бюджетті игеру барысында үнемделген қаржының жұмсалуы, жаңа оқу жылында өтетін қашықтан оқытуға дайындық, әлеуметтік маңызы зор нысандарға жүргізілетін құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттары жайында айтып өтті.
Күн тәртібінде басқа да мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды. Одан бөлек, келесі сессияның төрағасы ретінде депутат А.Жандабаева тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.