A place where you need to follow for what happening in world cup

Мұқтаж жандар баспаналы болды

145

Мойынқұм ауданында көпбалалы, үйсіз отбасыларға арнап жатақхана қолданысқа берілді.

Мойынқұм ауданында көпбалалы үйсіз, үй кезегінде тұрған отбасылар үнемі аудан әкімінің қабылдауында болып, тұрғын үй сұрап жүретін. Аудан әкімінің ұсынысымен осы жылдың басында қараусыз, жөндеусіз тұрған 4 қабатты жатақханаға аудан бюджетінен 27 млн теңге қаржы бөлініп 1 және 2 қабаттары жөндеуден өткізіліп, шатыры ауыстырылып, ішіне орталықтандырылған жылыту батареялары жүргізіліп, ауыз су мен әжетхана ішке кіргізілді. Бүгінгі таңға 6 көпбалалы, жалғызілікті үй кезегіндегі жанұяларға 1-ші қабаттан пәтерлердің кілттері аудан әкімі М.Мұсаевтың құттықтауымен салтанатты түрде табыс етілді. Пәтерлі болған тұрғындар бірін бірі құттықтап, шашу шашып аудан басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.