A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл шаруашылығы күніне орай салтанатты жиын өтті

155

Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы күніне орай күзгі жиын терінді жұмыстарды қорытындылау мақсатында аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы «Абылайхан» атындағы орталық алаңда аудан еңбеккерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен қорытынды жиын өткізілді. Мұнда арзандатылған ауыл шаруашылығы тауарлары ет, сүт, балық, тары, талқан т.б сатылған жәрмеңке де халық көңілінен шықты. Сондай ақ мектеп оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі де жаңарған алаңға көрік қосқандай болды. Бұл күні орталық алаң сахнасында мерекелік концерт ұйымдастырылып, аудан басшысы М.Мұсаевтың аудандағы еңбек ардагерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстап, еңбектеріне жеміс тіледі. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырған орталық алаңға ілінген үлкен ЛЭД экранда аудан тарихы жайлы фильм көрсетіліп жатты. Жиын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.