A place where you need to follow for what happening in world cup

KEGOC Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді

122

KEGOC» АҚ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр энергиясының өшу себебін атады, деп хабарлайды munaranews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апатты теңгерімсіздік салдарынан 500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» электр энергиясы транзитінде электр қуаты күрт ұлғайды.

Салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» транзиті апатты түрде бөлініп, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі жарықсыз қалды.

Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаваттты құрайды.

Қазіргі таңда оператор апатты жою шараларын қабылдап жатыр, деп мәлімдеді компания.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік қалалары Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған қалаларында электр энергиясы өшті. Сондай-ақ Қырғызстанның Бішкек, Ош қалаларында, Өзбекстанның Ташкент қаласында да жарық сөніп қалған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.