A place where you need to follow for what happening in world cup

Ғалымдар ұйқысыздыққа көбінесе не себеп болатынын айтты

194

Ғалымдардың айтуынша, D дәруменінің жеткіліксіздігі — ұйқысыздықтың ең жиі кездесетін себебі. Бұл туралы «Московский комсомолец» басылымы жазды, деп хабарлайды munaranews.kz Stan.kzсайтына сілтеме жасап

Мамандар сегіз апта бойы 20-50 жас аралығындағы адамдарды екі топқа бөліп бақылаған. Бір топқа күнделікті 3500 МЕ (халықаралық бірлік) көлемінде D дәруменін беріп отырса, екінші топқа бермеген. Зерттеу нәтижесі бойынша, дәрумен қабылдаған бірінші топ өкілдері өзгелермен салыстырғанда бір сағатқа артық ұйықтап, өздерін жақсы сезінген.

Ұйқысыздықтың салдары артық салмақ қосуға, көңіл-күйдің түсуіне, тіпті күйзелістің пайда болуына апаруы мүмкін. Сондықтан мамандар ағзадағы D дәруменінің мөлшерін қадағалап, уақытылы ұйықтауға кеңес береді. D дәруменін балық майынан, сары майдан, ірімшіктің қатты түрлері мен майлы балықтан алуға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.